Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баянның қайын атасы мен Толқын Забированы не байланыстырады? (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал продюсер Баян Алагөзованың қайын атасы мен Толқын Забирова бір-бірін жақсы танитыны белгілі болды. Анықталғандай Тұрым Алагөзов қазақстандық эстрада жұлдызының ұстазы болып шыққан деп жазады NUR.KZ.

Баян Алагөзованың қайын атасы мен отандық танымал әншінің арасында қандай байланыс бар екені анықталды. Әйгілі Толқын Забирова Тұрым Алагөзовтың шәкірті болып шықты.

Бұл туралы жұлдыздың өзі Instagram парақшасында хабарлаған. Көптен бері көрмеген ұстазымен қауышқан ол, өз қуанышы қойнына сыймай қойғанын айтты. Анықталғандай, Тұрым Алагөзов Забироваға консерватория қабырғасында хор сабағынан дәріс берген.

Ұстазы мен шәкіртінің қауышуына Баян Алагөзованың ата-анасының "алтын тойы" себепкер болған. Думанды тойған қадірлі мейман ретінде келген Забирова мен Алагөзов бұрынғы қызықты сәттерін еске алып, бір шер тарқатып алған.

"Қасымда менің ұстазым -Алагузов Турум Сагидоллаевич. Менің бірінші маманым -xор дирижері.Консерваторияда xордан сабақ берген кәсіби маман иесі.Осы тойда кездесіп талай қызық сәттерді еске алып,бір жас шаққа серуендеп келгендей болдық! ", - делінген Толқын Забированың жазбасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1752445-baanny-kajyn-atasy-men-tolkyn-zabirovany-ne-bajlanystyrady-foto/

pixel