Жұлдыз Өмірғали бет-аузы көгерген суретімен көпшілікті шошытып қойды (фото)

Опубликовано:

"Кешью" құрамында өнер көрсеткен әнші өзінің көк-ала қойдай сабалғандай кейпіндегі суретін жүктеп, желі оқырмандарын алаңдатып қойды. Көпшілік Айқынның сүйіктісінің бет-әлпетіне не болғанын біле алмай уайымдады деп жазады NUR.KZ.

Жұлдыз Өмірғали өзінің Instagram парақшасына бет-аузы көгерген фотосын салып, жұртшылықты шошытып қойды. Аталмыш суретті ол 24 сағат бойы сақталып тұратын Stories-ке жүктеп қойған.

Оған қоса, Жұлдыз жұбайы Айқынмен түскен видеосын да өшіріп тастағаны белгілі болды. Әзірге суретіне қатысты отандық жұлдыз ешқандай мәлімет берген жоқ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1752741-zldyz-mirgali-bet-auzy-kgergen-suretimen-kpsilikti-sosytyp-kojdy-foto/