Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айқын бетіне күтім жасап, сұлулық салонына жиі баратынын жайып салды (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші бет күтіміне зор мән беретінін жасырмай айтты. Айқын Төлепберген 40 жасқа таяп қалған шағында сұлулық салондарының көмегіне жиі жүгінетінін де жеткізді деп жазады NUR.KZ.

Айқын Төлепберген отандық бағдарлама аясында жасы кетіп бара жатқан сайын бет күтіміне аса ерекше мән беретінін айтты. Әнші бет-әлпетінің үнемі ажарлы болып тұруы үшін, әрі әжімдердің ерте түспеуі үшін арнайы процедуралардан өтетінін де жайып салды.

Айтуынша, шоу-бизнес жұлдызы сұлулық салондарына жиі жүгініп тұрады.

"36 жасқа таяғанда бет күтіміне назар аударып, мән беру керек екенін түсінеді екенсің. Косметолог мамандарға барып, арнайы бет тазалау мен лифтинг, түрлі лазерлік процедураларды жасатып тұруға мәжбүр боласың", - деп ағынан жарылды Айқын.

Бағдарлама жүргізушісі отндық әншіге жас көрінетінін айтып, мақтау сөздерін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1753229-ajkyn-betine-ktim-zasap-slulyk-salonyna-zii-baratynyn-zajyp-saldy-video/

pixel