"Музарттық" Кенжебек құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп ашпақ
Опубликовано:
"Музарттық" Кенжебек Жанәбілов құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп ашпақ деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші өзінің мұндай бастамасы жайлы осыдан біраз уақыт бұрын мәлімдеген болатын.
"Алла менің басыма сынақ беріп, үлкен ұлым үшін қаншама елді шарладым. Кез-келген ата-ана баласының болашағына алаңдайды ғой. Содан мен ота жасаттым. Аллаға шүкір, балам қазір сөйлей алады. Жаза алады, оқи алады.
Осы мектеп-интернатқа емделуге келген әрбір бала сөйлеп жүрген бүлдіршіндер қатарына қосылса деген негізгі мақсатымыз бар", - деді әнші.
Айта кетейік, аталмыш орталықта ем алу бүлдіршіндер үшін тегін болмақ
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1753470-muzarttyk-kenzebek-klagy-nasar-estitin-balalarga-arnalgan-mektep-aspak/