Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұңғыш бард ақын Табылды Досымовтың жалғыз ұлы үйленді (фото, видео)

Опубликовано:

Қазақтан шыққан тұңғыш бард ақын Табылды Досымовтың ұлы Абыл Аяш үйленді. Атырауда дүбірлеп өткен той мен құдалыққа марқұм композитордың өнердегі әріптестері түгел дерлік жиналған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Арман Сқабылұлының Facebook парақшасынан алынды
Фото: Арман Сқабылұлының Facebook парақшасынан алынды: UGC

Абыл Аяштың шаңырақ көтергені жайлы алғашқылардың бірі болып Айгүл Иманбаева жариялаған болатын.

Актриса желідегі парақшасына құда күту рәсімін салып қойған еді.

Сондай-ақ, жазушы әрі продюсер Арман Сқабылұлы да ақынның жалғыз тұяғының тойында түсірілген видеоны Facebook парақшасына жүктеген.

Айта кетейік, Абыл осыған дейін NUR.KZ порталына сұхбат беріп, әкесі тірі болғанда өнерге аяқ баспайтынын айтқан болатын.

Сонымен қатар, Досымовтың ұлы осыдан біраз уақыт бұрын Астанада алғаш рет жеке кешін өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1754285-tgys-bard-akyn-tabyldy-dosymovty-zalgyz-ly-jlendi-foto-video/

pixel