jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Кімге тиерімізді білмейміз": Меруерт Түсіпбаева жар болатын адам таппай жүр

    : UGC

    42 жасқа келіп шаңырақ көтерген өнердегі досы Асқар Меңдібаевтың үйленгенін естіген Меруерт Түсіпбаева таңданысын жасыра алмады деп хабарлайды "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Меруерт ТҮсіпбаева. Фото: YouTube
    Меруерт ТҮсіпбаева. Фото: YouTube: UGC

    Әнші Асқардың 14 жас кіші жұбайына жасаған ұсынысын көріп, таңғалған.

    "Мен осындай ақылды, білімді, сымбатты жігіттің осы күнге дейін бойдақ жүргенін естігенде таңғалдым. Өзіміз тиейік десек, адам жоқ. Кімге тиерімізді білмейміз. Қазақтар аз өзі. "Әйтеуір, бір рет барып келдік қой" деп жүрміз. Мен Асқардың басы бос екенін мүлде білмеппін", - деп ағынан жарылды Түсіпбаева.

    Айта кетейік, әнші ұлымен бірге 10 жылға шетелге виза алып қойғанын да мәлім етті.

    "Жақын достарымыздың бәрі көшіп кетті. Менің досым "Меруерт АҚШ-та адамдар 45 жасында отбасын құрып, 50 жасында балалы болып жатады" дейді. Сонымен Америкаға барамыз. Қартаймаймыз. Жігіт іздейміз", - деп күлді әнші.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.