Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан мен Нұржан Керменбаевтың суреті желіде қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Ерке Есмахан әріптесі Нұржан Керменбаевпен түскен суретін желідегі парақшасына салып қойды. Алайда желі қолданушылары Нұржанның әншіге қараған көзқарасын қызу талқыға салды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Әңгіменің майын тамызып айтамын ғой", - деген Еркенің жазбасына оқырмандар түрлі пікірді жаудырды.

"Нұржан сіздің әңгімеңізді тыңдап отырған жоқ-ау", "Ер адамның көзқарасына мәз болған заман-ай", "Басқасын білмедім. Бірақ Нұржанның ойы әңгімеде емес".

"Ерке мына суретті көрсе, Нұржанның әйелі қызғанады деп ойламайсыз ба?", "Әйелдерін үйге қамап, өздерінің сыртта істеп жүргендері мынау", "Ұят қой. Мақтанып салатын сурет емес", "Жетіскен екенсіңдер, осындай суреттеріңмен мақтансаңдар", "Жұлдыз" дегенге жалаңаштанып біттіңдер ғой" деді оқырмандар.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын "Гәкку" дауысы бағдарламасына қатысқан әнші сахна сыртындағы ісі үшін сынға қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1754971-erke-esmahan-men-nrzan-kermenbaevty-sureti-zelide-kyzu-talkyga-tsti-foto/

pixel