Түркияның атышулы "Алтын ғасыр" телехикаясының актерлері қазір қайда жүр?
Жарияланған күні:
Осыдан төрт жыл бұрын Түркияның әйгілі "Алтын ғасыр" телехикаясының түсірілімі аяқталған еді. Сұлтан мен Хюрем патшайым арасындағы махаббат пен мемлекет ішіндегі билік үшін талас-тартыс әлемнің талай елінің таңдайын қақтырған еді. NUR.KZ әйгілі телехикаяда ойнаған актерлердің түсірілім біткен соң немен айналысқанын біліп көрген екен.
Хюррем ролін ойнаған Мерьем Узерли алғашында актриса ретінде өз-өзін көрсете алмаған. Қанында түрік қаны бар бойжеткен, "Алтын ғасыр" фильміне түсіп, көпшілікке танымал бола бастайды. Алайда бірнеше жылға созылған фильм түсірілімінен шаршаған ол, 2013 жылы Түркиядан туған қаласы Берлинге кетіп қалады. Бір жылдан кейін дүниеге Лара есімді қызы әкеліп, бүгінде сәбиімен бақытты ғұмыр кешуде.
Әйгілі телехикаяның басты кейіпкерлерінің бірінің ролін сомдаған Халит Эргенч те бүгінде отбасылық өміріне көп көңіл бөле бастаған. Ол түріктің танымал актрисасы Бергюзар Корельге үйленіп, олар Әли есімді ұл тәрбиелеп отыр.
Ал, Хюремнің қартайған шағын сомдайтын Вахиде Перчин болса, бүгінде "Ана" телехикаясына түсіп жатыр. Айта кетерлігі, "Алтын ғасырға" дейін актриса сүт бездерінің қатерлі ісігі дертін жеңіп, өнерге қайта келген екен. Актриса қазіргі таңда бір қыз тәрбиелеп отыр.
Атақты телехикаяның екінші кейіпкері Махидевран бегім болған еді. Оның ролін ойнаған Нұр Феттахоғлы да қазіргі таңда басқа телехикаяға түсуде. Актриса 2013 жылы түрік бизнесменіне тұрмысқа шығып, бір қыз тәрбиелеп отыр.
Көпшілікке Бали бей есімімен танылған Бурак Озджевит те бүгінде Түркияның ең танымал актеріне айналған. Ол өзінің өнердегі әріптесі Фахрие Эвдженге үйленген. Жас жұп тойларын көпшілік алдында дүркіретіп өткізген-ді.
Ал, Сүлеймен сұлтанның қарындасының ролін сомдаған Сельма Эргенчтің медицина факультетін тәмамдағанын біреу білсе, екіншісі біле бермейді. Актриса белгілі түрік кәсіпкеріне тұрмысқа шығып, бүгінде қыз өсіріп отыр.
Сүлеймен Сұлтанның анасының ролін сомдаған Небахат Чехренің жасы 74-ке келген. Алайда, соған қарамастан актриса күні бүгінге дейін түрлі киноларға түсіп келеді.
Сол сияқты Сүлеймен сұлтанның досының ролін ойнаған Окан Ялабык та "Алтын ғасырдан" кейін аса танымал актер атанды. Актер бір рет үйленгенімен, кейін жұбайымен ажырасып кеткен екен. Қазіргі таңда оның жеке өміріне қатысты қандай да бір дерек жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1755323-trkiany-atysuly-altyn-gasyr-telehikaasyny-akterleri-kazir-kajda-zr/