RU

Әбдіжаппар Әлқожа өзінің "ұры әнші" екенін тағы да мойындады

Соңғы уақытта орындаған әндері хит болып жүрген әнші Әбдіжаппар Әлқожа әзірбайжандық әншінің туындысын ұнатып, "ұрлап алғанын" мойындады деп жазады NUR.KZ.

Оқырмандарына видео-үндеу жолдаған отандық әншінің ұнатқан әнін бұрын Ернар Айдар орындаған болып шықты.

"Сіздерді альбомыма қосылған соңғы әнмен таныстырғым келіп отыр. Әзірбайжандық Асиф Меххеремов есімді әншінің "Geche-geche" деген әні.

Өзіме қатты ұнады. Бұл әнді бұрын Ернар Айдар орындаған екен. "Мына бала енді ұрламаймын деген еді. Тағы да ұрлапты ғой" десеңіздер, мойындайыншы", - дейді ағынан жарылған әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1755687-bdizappar-lkoza-zini-ry-nsi-ekenin-tagy-da-mojyndady/