Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Долларды шелектеп шашқан Айқын жұрттың ашуына тиді (фото)

Опубликовано:

Әнші Айқын тапа-тал түсте ақшаны шелектеп шашып, оқырмандардың ашуына тиді. Желі қолданушылары "Ақшаңыз көп болса, жетімдерге көмектесіңіз" деген сынды пікірлерін жаудырып жатыр деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Долларды шелектеп шашып жатқан суретін әнші өзінің Instagram парақшасына жүктеп қойған. Онда ол: "Ақша жауса аспаннан..." деген қысқа ғана жазба қалдырған.

Желі қолданушылары болса, әншінің ақшаны шелектеп шашқанына наразы болған. Олар "Ақшаң көп болса жетімдерге үй салып бер", "Әншілердікі осы, ақшаны желге шашқан", "Ұят болды" деген пікірлерін жаудырған.

Десе де, оқырмандардың арасында аталған тіркесті жалғастырып, оның жай ғана түсірілім екенін болжағандар да табылған. Олар "Әзіл шығар" , "Клип түсіп жатырсыз ба?", "Ақшаңыз көбейе берсін" деген әзіл-шыны аралас пікірлер қалдырған.

Айта кетейік, Айқынның әндерін біздің MusicNur қосымшамыздан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1756134-dollardy-selektep-saskan-ajkyn-zrtty-asuyna-tidi-foto/

pixel