Атышулы Төреғали ұшаққа билетсіз кірген: Қылмыстық іс қозғалды
Опубликовано:
«Эйр Астана» бортына билетсіз өтіп кеткен отандық әнші Төреғали Төреәлінің шулы оқиғасынан кейін қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тергеу жұмыстары қасақана заңсыз шекарадан өту фактісі бойынша жүргізіліп жатыр.
Департамент қызметкерлері аталмыш қылмыстық іс 26 жастағы қазақстандық азаматтың үстінен қозғалғанын мәлімдеді.
Заңға сәйкес, бұл қылмыс үшін 1000 АЕК дейін ірі мөлшерде айыппұл салынады немесе 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.
Естеріңізге сала кетсек, танымал әншінің бортқа билетсіз өтуі салдарынан Алматы-Гонконг рейсі қосымша тексерулер үшін өз уақытанан кешігіп ұшқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1757848-atysuly-tregali-sakka-biletsiz-kirgen-kylmystyk-is-kozgaldy/