Айжан Нұрмағанбетова басынан өткерген ауыр жағдай туралы ашық баяндады
Опубликовано:
Отандық эстрада жұлдызы Айжан Нұрмағанбетова осыдан 20 жыл бұрын басынан өткерген ауыр жағдайды айтып берді. Ол жол апаты салдарынан бір жыл төсектен тұра алмағанын жеткізді деп хабарлайды comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кемтар жандар жарысқан караоке сайысына қазылық етуге келген әнші өзінің мүгедек жандарды аяйтынын, алайда өзін мықты ұстауға тырысатынын айтқан.
Ол аяқ-қолы сау қаншама адамның отбасын асырай алмай жүргенін жеткізіп, оларға қарағанда мүгедек жандардың қайсар екендігін сөз етіпті.

Сондай-ақ, денсаулықтың қадірін білетін әнші өзінің 20 жыл бұрын жол апатына түсіп, ауыр жағдайды бастан өткергенін айтты.
"Төсек тартып жату немесе біреудің көмегіне мұқтаж болу оңай емес. Осыдан жиырма жыл бұрын мен үлкен жол апатына түстім. Бір жылға жуық төсектен тұра алмай, сал болып жатып қалдым. Кейде өмірім тоқтап қалғандай елестейтін еді. Өнермен қоштасып, сахнаға қайта шықпастай қорқатын едім. Алайда, маған жақындарым, бауырларым қолдау көрсетті. Сенді, жігер берді",- деді әнші.
Нұрмағанбетова осы жағдайдан соң ешқашан жоспар құрмайтынын жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1757911-ajzan-nrmaganbetova-basynan-tkergen-auyr-zagdaj-turaly-asyk-baandady/