Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаштың экс-продюсері өзіне кінә артқан тілшіні сотқа бермейтін болды

Опубликовано:

Димаш Құдайбергеннің бұрынғы продюсерін тілшілерді менсінбей, тіпті оларға қол көтерді деп айыптаған болатын. Алпамыс Шәрімов осыған қатысты "Время" басылымына сұхбат беріп, тіпті әңгімесін бейнежазба арқылы дәлелдеп берді деп жазады NUR.KZ.

Фото: Moan.kz
Фото: Moan.kz: UGC

Алпамыс Шәрімовтың айтуынша, ол алғашында БАҚ беттерінде жарияланған мақалаларға мән бермей жүрген.

"Уақыт өте келе маған барлық жақындарым мен анам хабарласып, оған қоса болған жағдайға Димаш Құдайбергенді қосып қойғанын көрген соң мен өз аузыммен айтып берйін деп шештім", - дейді ол.

Алпамыстың сөзіне сүйенсек, "жәбірленуші" журналистің бар мақсаты өзін-өзі танытып қалу болған. Алайда осының бәрін біле тұра, ол сотқа шағымданбаймын дейді.

Себебі тілші ару кішкентай баласын жалғыз өсіріп отырған ана екен. Сол үшін оның жүрегін жараламайын деп шешіпті.

Айта кетейік, осыған дейін Алпамыс Шәрмов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында журналиске қол көтермегенін айтып, тіпті сөзіне дәлел ретінде видеожазба жариялаған еді.

Осыған қарамастан, желі қолданушылары экс-продюсер әрекетін жарыса талқылауда. Бірі оның ісін дұрыс санаса, екінші тарап өзіне Алпамыс Шәрімовтың қол көтеріп, баллдан қуып шыққанын айтқан тілшіні қолдау керек деп отыр.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1758033-dimasty-eks-produseri-zine-kin-artkan-tilsini-sotka-bermejtin-boldy/

pixel