Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биік өкшелі туфлиін көрсеткен Сәдуақасова мен Арапбаева ұятқа қалды

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова мен Маржан Арапбаева сахнада "ұзын" болып көрінулерінің құпиясын ашты. Анықталғандай, отандық әншілер образдарын 22 сантиметрлік туфлимен толықтырады екен. Жұлдыздар бірде-бір концертті биік өкшесіз өткізбейтін көрінеді деп жазады "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ

Қазақстандық эстрада жұлдыздары ешкімге бұрын-соңды тіс жармаған құпиясымен бөлісті.

Белгілі болғандай, Мадина Сәдуақасова мен Маржан Арапбаева үнемі биік өкшелі аяқ киіммен жүретін әншілер қатарында екен.

"20 сантиметрден асады. Концерттерді биік өкшесіз өткізу мүмкін емес" , - деді отандық әншілер.

Бұл тұрғыда, әріптестерінің бұл таңдауына Айгүл Иманбаева қатты таңғалған.

"Менікі олардың қасында ойнамай қалады ғой. Жүре алмаспын ондай биіктікте" , - деп ағынан жарылды ол.

Желі оқырмандары болса, биік өкшелерін көрсетпек болған аруларды сынға алды.

"Масқара, ешкінің тұяғындай. Қандай ерсі көрінеді", "Бір күні құлап жатасыңдар ойбайлап", "Аяқтары оңбай ауыратын шығар. Өздерін қинап не керек" , - деп жазуда көпшілік.

Мадина Сәдуақасова мен Маржан Арапбаеваның әндерін біздің MusicNur қосымшамыздан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1758091-biik-kseli-tufliin-krsetken-sduakasova-men-arapbaeva-atka-kaldy/

pixel