Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық белгілі дизайнер Дамиля Жұмабек тұрмысқа шықты (фото, видео)

Опубликовано:

Қазақстандық белгілі дизайнер Дамиля Жұмабек отыздан асқан шағында өз бақытын тауып, тұрмыс құрды. Руслан есімді азаматпен бас қосқан бикештің ұзату тойы Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Отандық белгілі дизайнер тұрмысқа шықты (фото, видео)
Фото: отбасылық жеке мұрағаттан: UGC

Ұлттық нақыштағы сән үлгілерін жасаумен танылған Дамиля Алматы облысы, Райымбек ауданының келіні атанған.

Отандық белгілі дизайнер Дамиля Жұмабек тұрмысқа шықты (фото, видео)
Фото: отбасылық жеке мұрағаттан: UGC

Оның таңдап сүйген жарының өнерге қатысы жоқ болып шықты. Русланның мамандығы - инженер екен.

Талантты дизайнердің қуанышына отандық журналистер мен өнер адамдары жиналған. Олар Instagram желісіне тойда түсірілген суреттері мен видеоларын жарыса жариялады.

Ал ұзату тойдың тізгінін белгілі әзілгеш, "Түнгі студия" жүргізушісі Қайрат Әділгерей ұстаған. Актердің жары, әнші Бақыт Тұрман да бұл думанда бой көрсеткен.

Сүйіктісінің ақ некелі жары атанған сәнгер ханымның өзі де парақшасында тойдағы сәттерімен бөліскен.

Сондай-ақ, Әділ Сламханның жары Дана Маханбаева өз бақытын тауып, ұядан ұшқан құрбысын сыңсу айтып, шығарып салған.

Жұбайлардың үйлену тойлары жуырда Алматы қаласында өтеді.

Отандық белгілі дизайнер Дамиля Жұмабек тұрмысқа шықты (фото, видео)
Фото: отбасылық жеке мұрағаттан: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1758107-otandyk-belgili-dizajner-damila-zmabek-trmyska-sykty-foto-video/

pixel