Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлнұр Оразымбетованы клипіне түскен қырғыз актерімен не байланыстырады?

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын "Махаббат деген" атты әнді күйеуіне арнап шығарған Гүлнұр Оразымбетоваға оқырмандар түрлі сұрақ қойған. "Әнді жұбайыңа арнасаң, неге басқа жігітпен клип түсірдің" деген ел көкейіндегі сауалға әншінің өзі "Айта берсін" бағдарламасында жауап берді деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Бағдарлама жүргізушісі Анна Данченконың сауалдарынан соң, Оразымбетова неліктен күйеуін клипке түсірмегенін мәлім етті.

"Ол кісі бейнебаянға түспек түгілі, суретке де түспейді. Ол мемлекеттік қызметкер болғандықтан, тек өзімнің өнеріме қатысты жұмыстарды ғана желіде жариялай аламын. Отбасылық құндылықтар жайлы айтылмайды. Бейнебаян деген тіпті талқыланбайтын әңгіме.
Ал бейнебаянға түскен қырғызстандық актер Азиз Бишенәлиев жолдасымның жас кезіне қатты ұқсайды. Біздің махаббатымыздың әдемі сәттері бейнебаянда әдемі көрініс тапты. Ал жолдасым жайлы сұрақ қоймасаңыздар да болады", - деді Гүлнұр Оразымбетова.
Фото:el.kz
Фото:el.kz: UGC

Айта кетейік, "Қорқыт-қобыз" әнімен танылған Оразымбетова 1977 жылы туылған.

Әнші балалары жайлы айтқанымен, күйеуі жайлы ел алдында тіс жара бермейді.

Естеріңізге сала кетейік, Оразымбетованың әндерін MusicNur қосымшасынан жүктей аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1758340-glnr-orazymbetovany-klipine-tsken-kyrgyz-akterimen-ne-bajlanystyrady/