"Мен де өлең жаза аламын": Айсәуле Бақытбек әпкесі Нағима Есентаевға жауап берді
Опубликовано:
Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек өзінің Instagram парақшасында белгісіз біреуге арнап жазба қалдырған. Көпшілік оны Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағимаға айтылған сөздер ретінде топшылады деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстандық продюсердің тұңғышы Айсәуле өз "үндеуін" былай деп жазған:
"Менің ашуымды келтіру үшін көп еңбектеніп, кейде ұзақ жылдар бойы тырысу керек. Мен қаншама уақыт үнсіз отырдым, шыдадым, бірақ енді жетер...
Барлығын біреудің ақымақтығына ғана жауып, көз жұма қараудан шаршадым... мен де жаза аламын... өлеңді (ред. - автор қолданған тыныс белгілер сақталды)", - деп ағынан жарылған ол.
Айта кетейік, қыркүйек айының соңында Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима өзінің желідегі парақшасында ағасына өлең жолдарын арнап, жұрт оған жарыса пікір білдірген еді.
Енді оқырмандар Айсәуленің сөзі әпкесіне арналды ма, жоқ әлде бұл қате пікір ме деп екі ойда қалып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1758454-men-de-le-zaza-alamyn-ajsule-bakytbek-pkesi-nagima-esentaevga-zauap-berdi/