Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Керімбекованың үшінші күйеуінен де ажырасып кеткені рас па?

Опубликовано:

Мұңға толы әндерді жиі орындайтын Ақбота Керімбекованы көпшілік "тағы да жұбайынан ажырасып кеткен" деген ойға қалды. Тіпті оқырмандарының бірі әншіге күйеуге тие бермеуге кеңес берген. Желі қолданушысының сөзі көңіліне тиген әнші оған жауап қайтарды деп жазады NUR.KZ.

Керімбекованың парақшасына жазылушылардың бірі әншінің "Мен сені ұмытқам" атты әніне арналған видеоға пікір жазып, оны жазғырған.

"Несін жасырасыз? Айта берсеңізші. Халық бәрібір шындығын біледі. Өзіңізге байланысты ән ғой", - деп жазған.

Ал енді бір оқырман: " Күйеуді бақытым демесеңіз, той жасап, бақыттымын деп неге жар салдыңыз? Әлде сіз үшін күйеуге тию "ойын" ба? Дұрыс емес нәрсені бетке айтқан дұрыс. Ержеткен ұлдарыңызбен енді тұрмысқа шықпаңыз, Сізге "Ботанікі дұрыс" деп отырған осы жердегі оқырманыңыз басқа қыз осылай жасаса "бәрі жаман емес, өзіңнен де бар ғой" деп жарыса жауап берері анық. Менде сізді көреалмаушылық жоқ. Тек ащы шындықты айттым", - деген.

Ақбота Керімбекова өз кезегінде "Біреулер үшін күйеу бақыт шығар. Маған осы өмір бақыт. Мен бақытты адаммын", - деп жауап қайтарған.

Айта кетейік, үш ұлы бар әнші өткен жылы өзінен бірнеше жас кіші азаматқа тұрмысқа шыққан болатын. Осыған дейін де екі рет босаға аттаған Керімбекова ақ көйлек киіп, тойларын өткізді.

Кейінірек әнші жаңа күйеуімен ара-қатынасының жақсы емес екенін де мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Ақбота Керімбекова "Ойбай Life" бағдарламасына қонаққа жан сырын ақтарған еді. Әнші осы сұхбатында үшінші күйеуі мен отбасы жайлы жайып салған болатын.

Ақбота Керімбекованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1759134-akbota-kerimbekovany-sinsi-kjeuinen-de-azyrasyp-ketkeni-ras-pa/

pixel