Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі актриса сұқ саусағын көрсетіп, оқырмандардың ашуына тиді

Опубликовано:

Белгілі актриса Аружан Жазылбекова оқырмандарына сұқ саусағын көрсетіп, көпшіліктік ашуына тиді. Ол мұндай суретін өзінің Instagram желісіне жүктеген деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Актриса онда:

"Барлықтарыңызға емес, бірақ бұғатталған адамдарға осылай деймін. Сіздер шынымен, желіге бақытты суреттерін жүктейтін адам, өмірде де бақытты деп ойлайсыздар ма? Тіпті, кейбір үш баласы бар аналардан да қандай зілді пікір жазатын білесіздер ме? Ал мына суретте менің көздерім мұңлы. Мүмкін тамақтанғым келіп отыр шығар, бәлкім олай емес. Кім біледі?" деп жазған.

Желі қолданушыларының пікірі аталған суретке қатысты екіге бөлінген. Олардың бірі актрисаны жақтап шықса, енді бірі "Қыздарға жараспайды, ұят екен", "Қазақ қыздары олай саусақтарын көрсетпейді" деген пікірлерін қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1759323-belgili-aktrisa-sk-sausagyn-krsetip-okyrmandardy-asuyna-tidi/

pixel