Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Меломен" тобының әншісі 60 жасқа толған анасына той жасап берді (фото, видео)

Опубликовано:

"Меломен" тобының әншісі Ролан Қазретов анасының 60 жасқа толғанын дүркіретіп атап өтті. Оның қуанышын бөлісуге өнердегі әріптестері түгел дерлік жиналған деп жазады NUR.KZ.

Роланның анасын құттықтап келген өнер иелері Алматының төрінде өткен тойдың видеосы мен фотосын желідегі парақшаларына жарыса салды.

Олардың қатарында Мақпал Жүнісова, "Өнер қырандарының" әзілкештері, Төреғалидің ата-анасы мен Ердос Қанаев, Серік Ибрагимов, Бағлан Әбдірайымовтар бар.

Бұл тойда төбе көрсетіп, өзінің әсем әнін арнаған Жүнісова: "Баян әпкеміздің 60 жасындамыз. Роллан анашың мен әкетайың алдыңда болсын. Екі дүниенің қызығын көріңіздер", - деп ақ тілегін жаудырды.

Айта кетейік, 1988 жылы туылған Ролан - үйінің кенжесі. Бүгінде өзінің отбасы бар.

Естеріңізге сала кетейік, "Меломен" тобының әндерін біздің MusicNur қосымшасынан жүктей аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1759611-melomen-tobyny-nsisi-60-zaska-tolgan-anasyna-toj-zasap-berdi-foto-video/

pixel