Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Немересінен сотта жеңілген Тұрым Алагөзов өз өміріне өкініш білдірді

Опубликовано:

Сотта немересінен жеңіліп, пәтерінен айырылған Тұрым Алагөзов Instagram парақшасында өзінің пікірін білдіріп, жұрттың қауесетіне жауап берді деп жазады NUR.KZ.

Тұрым Алагөзов , Амина Марат. Фото: Алагөзовтың Instagram парақшасы, Instagram Buro 24/7
Тұрым Алагөзов , Амина Марат. Фото: Алагөзовтың Instagram парақшасы, Instagram Buro 24/7: UGC

Жақын адамдарының түсіністік танытпағанына күйінген композитордың жазбасын оқырмандар қызу талқыға салған.

"Бәріміз де бұл өмірден өтеміз. Артымыздан айтылмаған сөздер мен өкпе-реніш қалады. Менің де бұл өмірге айтар шағымым бар.
Өмір сүрдім. Балаларымды өсіріп, отбасымды асырадым. Одан не таптым? Әр нәрсенің өз уақыты бар. Биліктегілерге сеніп шаршадым. Тек Аллаға сенеміз. Бәріңізге Алла жәрдемші болсын", - деп жазған Тұрым Алагөзов.

Айта кетейік, Тұрсын Алагөзовтың қызының сотта жеңіске жеткенін мәлім еткен болатынбыз. Енді туған атасы Амина Маратқа үйін босатып бермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1759730-nemeresinen-sotta-zeilgen-trym-alagzov-z-mirine-kinis-bildirdi/

pixel