Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меруерт Түсіпбаева депутаттарды сынаған Қуат Найманды көкке көтере мақтады

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбеава ең төмен мөлшердегі жалақыға өмір сүруге болатынын айтқан шенеуніктерді сөккен Қуат Найманды жақтап шықты деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram kuat_hamitov/mira_tusupbaeva Коллаж: NUR.KZ
Фото: Instagram kuat_hamitov/mira_tusupbaeva Коллаж: NUR.KZ: UGC

Меруерт Түсіпбаева ережесіз жекпе-жек жұлдызының депутаттарға айтқан сөздеріне риза болған. Әнші 28 мыңға күн көруге болады деген шенеуіктерді желіде жерден алып жерге салған Қуат Найманды жақтап шыққан.

Өзінің Instagram парақшасына эстрада жұлдызы спортшының суретін жүктеп, оған мақтау сөздерін жаудырған.

"Бар екен ғой,қалған екен,әлі тірі екен,xалықтың қамын ойлайтын Еркек елдің қамын ойлап ,xалықпен бірге жүрегі соғатын. Осындай ұлдары көбейсін Қазақтың" , - деп жазды әнші.

Бұған дейін Қуат Хамитовтың депутаттарға шүйліккенін жазған болатынбыз.

Айта кетейік, Меруерт Түсіпбаеваның орындауындағы әндерді біздің MusicNur қосымшамыздан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1759774-meruert-tsipbaeva-deputattardy-synagan-kuat-najmandy-kkke-ktere-maktady/

pixel