Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлықпан Жолдасов қызының Төреғалимен ән айтуына тыйым салды

Опубликовано:

Атышулы Төреғали Төреәлі енді Фарида Жолдасовамен де дуэт орындамайтын болды. "Қыдырып қайтайық" деген әнді орындайтын қос әнші енді бірге ән айтпайды. Бұл жайында көпшілікке Ұлықпан Жолдасов өзі мәлім етті деп хабарлайды "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Төреғали, Фарида Жолдасова. Фото: juldyz.kz
Төреғали, Фарида Жолдасова. Фото: juldyz.kz: UGC

Ұлықпан Жолдасов қызының неліктен Төреғалимен ән орындауына қарсы екенін ашып айтпады.

"Біз Төреғалимен бірге жүре алмаймыз. Олар да бізбен жүре алмайды. Ол ән сұраныста. Бірақ басқа адамдармен орындайтын шығар. Төреғали да "Аллоны" әртүрлі әншілермен орындап жүр ғой", - деді Жолдасов.

Айта кетейік, осыған дейін де Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның "Алло" әні үшін екі тарап арасында дау туындаған болатын. Төреғалидің әкесі Еркені танымал еткенін мәлімдеген еді.

Ұлы дала баласы Мөлдір Әуелбековамен де "Сен болмасаң" әнін орындаған. Алайда Қазақконцерттегі шараға қатыспаған Төреғалиға Алтынбек Қоразбаев ренжіп, Мөлдірдің онымен ән орындауына қарсылық білдірген.

Естеріңіз сала кетейік, Төреғали Төреәлі ұшақ бортында шу шығарып, халықаралық бағыттағы ұшақтың өз уақытынан 18 минутқа кешігуіне себепкер болған.

Сондай-ақ әнші биыл "Ұлы дала комедиясы" фильмін жарыққа шығарды.

Төреғали Төреәлінің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1759841-lykpan-zoldasov-kyzyny-tregalimen-n-ajtuyna-tyjym-saldy/

pixel