Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Намаз оқимын": Әйгілі қырғыз әншісі клипте Кәмшатпен сүйісуден бас тартқан

Опубликовано:

Әйгілі қырғыз әншісі Мирбек Атабеков Кәмшат Жолдыбаевамен бірге түскен клипінің түсірілімі туралы бар шындықты айтты. Эстрада жұлдызы бастапқыда бейнебаянда қазақ әншісімен сүйісуден бас тартқанын жеткізді. Бұл туралы Kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: brod.kz, limon.kg/ Коллаж: NUR.KZ
Фото: brod.kz, limon.kg/ Коллаж: NUR.KZ: UGC

Қырғызстандық әншінің айтуынша, 9 қазан күні жарық көрген бейнебаянды түсіруге 15 мың АҚШ доллары кеткен. Сондай-ақ, аталған клипті даярлауға 50-ден аса адам жұмылдырылған екен.

Атабеков қазақстандықтардың бейнебаянға жұмсайтын қаржысы Қырғызстан әншілерінен әлдеқайда көп екенін және мұнда кәсібиліктің жоғары екенін жеткізді.

Сондай-ақ, ол қазақтар адамның киіміне аса қатты мән беретінін сөз етті.

"Онда адамдардың сырт келбетіне көп назар аударады. Ал бізде әртіс үлкен алаңды толтырып, "Дордой" базарынан киім алып кие береді ғой", - деді қырғыз әншісі.

Бес уақыт намаз оқитын Мирбек Атабеков клипте Кәмшатпен сүйісетінін естігенде бірден бас тартқан.

Алайда түсірілім алаңында бір топ адамның жұмыс істеп жатқанын көрген ол қыңырлық танытпай, ойынан айныған көрінеді.

Қырғыз әншісі түсірілім алаңында жұбайы да өзімен бірге болғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1759925-namaz-okimyn-jgili-kyrgyz-nsisi-klipte-kmsatpen-sjisuden-bas-tartkan/

pixel