"Меломендіктер" топтан ренжіп кеттім деген Жігердің сөзін жоққа шығарды (видео)

Опубликовано:

"Меломен" тобының әншілері топтан ренжіп кеткенін айтқан Ауыпбаевтың сөзін жоққа шығарды. Жігіттердің айтуынша, Жігердің он жыл бойы еңбек еткен бойзбендтен кетуіне басқа нәрсе себеп болған көрінеді деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: gakku.kz
"Меломеннің" бұрынғы құрамы. Фото: gakku.kz: UGC
"Ренжіп кеттім деп айтыпты. Бірақ топты тастап кететіндей қандай реніш екенінен бейхабармыз. Ұжымдағы 10 жылдық еңбегі бар, оның барлығынан бір сәтте бас тартып кету реніш-өкпеге ғана тіреліп тұрған нәрсе емес деп ойлаймыз" , - деді "Меломендіктер".

Бір топта өнер көрсеткен жігіттердің арасындағы кикілжіңге әлі де нүкте қойылмай жатыр.

Бойзбенд құрамында қалғандар Жігер Ауыпбаевтың сөзін жалған дейді. Алайда түсініспеушіліктің неден туындағанын ашып айтпады да.

Оған қоса, олар солистің ұжымнан кетуі үлкен қиындық туғызғанын да жасырмады. Жеке әнші ретінде танылып жүрген жұлдыз бұрынғы әріптестерін шығынға батырған көрінеді.

Айта кетейік, "Меломен" мен Жігер Ауыпбаевтың әндерін біздің MusicNur қосымшамыздан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1760048-melomendikter-toptan-renzip-kettim-degen-zigerdi-szin-zokka-sygardy-video/