Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде шығыс биін билеген қазақ қызы қазыларды естен тандырды (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық ару Әйгерім Бақытжан ресейлік "ТНТ" арнасында болатын "Танцы" бағдарламасында өз өнерін көрсетті. Шығыс биін билеген аруды әділ-қазылар іріктеуден бірден өткізген деп хабарлайды NUR.KZ.

Ресейлік бағдарламаның қазылары мен көрермендері қазақ қызының әсемдігі мен биді әдемі жеткізуіне таң қалған.

"Мен сенен сұрайтын ештеңем жоқ",- деді таңданысын жасырмаған Павел Воля.

Ал талантты биші сахнаға шығар алдында еш қобалжымағанын айтады.

"Мен ештеңеден қорыққан жоқпын. Павел Воляға қызықты сұхбаттары мен қалжыңдары үшін көп рахмет айтамын. Қазір мен Ресейден, Украина мен Қырғызстаннан, Қазақстаннан, тіпті, Австралиядан құттықтау тілектер естіп жатырмын. Мен мұндай қолдау күткен жоқпын",- деді Әйгерім.

Биші жазбасының астына желі қолданушылары түрлі пікірлер жазып қалдырған.

"Сіз өте кереметсіз!", "Жарайсыз", "Паша не айтқысы келгенін ұмытып қалды ғой", -деп жазған олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1760278-resejde-sygys-biin-bilegen-kazak-kyzy-kazylardy-esten-tandyrdy-video/

pixel