Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзін мақтаған Ернар Айдар көпшілікке жақпай қалды (фото)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Төреғалидің жолын қуып, фильм түсірмек болған Ернар Айдар оқырмандарынан тағы да сөз естіді. Жұртқа әншінің өзін жер-көкке сыйғызбай мақтағаны жақпай қалған деп жазады NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында өзінің бозбала шағынан сурет салып, астына өзін мақтан тұтатынын жазған. Алайда оқырмандарының түрлі сынынан соң, әнші жазбасын өзгертіп қойған.

"Айдаров Ернар ғой. Арманым көп деп жүруші еді. Осы балаға ризамын бар ғой", - деп жазған ол.

Ал оқырмандар "Соңғы уақытта өзгеріп жүрсің", "Сенің бізге қарапайымдылығың ұнайды", "Ешкімге еліктемеші. Өзіңнің болмысыңмен ерекшесің".

"Соңғы уақытта фильм түсірмек болдың. Өзіңді көп мақтайтын болыпсың. Кімге еліктеп жүрсіз?" деп сынап тастады.

Айта кетейік, осыған дейін Ернар Айдар өзінің де фильм түсіргісі келіп жүргенін айтқан болатын. Алайда оның бұл ойын оқырмандары қоштамаған.

Естеріңізге сала кетейік, Ернар Айдардың хит әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1760428-zin-maktagan-ernar-ajdar-kpsilikke-zakpaj-kaldy-foto/

pixel