Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас "Прайм плазадағы" оқиғаға қатысты шындықты жайып салды

Опубликовано:

Қайрат Нұртас осыдан бірнеше жыл бұрын "Прайм плазада" болған шулы оқиға жайлы бар шындықты айтты деп жазады "Шынымды айтсам" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Хитмен осы оқиғадан кейін телеарналар мен басылымдардың қара тізіміне еніпті.

"Ауырмайды жүрек" әнін орындап жаттым. Сахна кішкентай ғана. Төле би көшесінің бойы толып тұр. Содан қарасам, көп адамның арасында баласы бар әйелдің "ән орындама" дегенін естідім. Ол қыстырылып қалған. Содан мен әнді тоқтаттым.

Сол кезде жүргізуші қыз біраз артық сөздер айтты. Оның қолынан микрофонды алып үлгергенше, халық шулап кетті.

Күзетшілер қорқып, мені көлікке отырғызып алып кетті", - деді әнші.

Әнші көпшіліктің арасынан сытылып шығып, Райымбек көшесінің бойындағы көпірдің үстінен қарап тұрған.

"Бәрі аман-есен қайтса екен деп ойладым. Өйткені, адамдар сахнаны қиратып жатты. Анам екеуміз үйде уайымдап отырмыз.

Бір кезде "бәрі аман-есен" деген хабар келді. Сол кезде көп адамдар менен теріс айналған болатын. Ал қолдау білдірген адамдарды әлі күнге ұмытпаймын.

Осы оқиғадан кейін 1,5 жыл бойы қара тізімде болдым. Еш жер менен сұхбат алмайды. Мені шақырмайды.

Осыдан кейін мен "енді ешкімге сұхбат бермеймін" деп өзіме уәде бергем. Осы оқиға менің танымалдылығыма үлкен әсер етті", - деп ағынан жарылды әнші.

Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Нұртастың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1760444-kajrat-nrtas-prajm-plazadagy-okigaga-katysty-syndykty-zajyp-saldy/

pixel