Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан екінші рет күйеуге шығудан үмітті екенін жасырмады

Опубликовано:

Бір рет ақ босаға аттап, некеде болған отандық әнші Ерке Есмахан екінші рет тұрмысқа шығудан үміт үзбейтінін мәлім етті деп жазады "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бір баласы бар әнші жалғыз қалатын болса, қателікті өз бойынан іздейтінін жайып салды.

"Жалғыздық тек Құдайға жарасқан. Отбасылы, сәбилі болу барлығының арманы ғой. Адам қанша сүрінсе де, үмітін үзбеуі керек. Барлығының жақсы болатынына сенемін.

Жалғыз қалғанда өзімнен қателік іздеймін. Қазір барлығы бір-біріне мойынұсынғысы келмейді. Бірақ мен ер адамнан бір саты төмен екенімді білемін.

Құдай бәрін берсе де, адамды бір жерінен қысып қояды. Ойлаймын, мүмкін бұл да өз адамымды жолықтыру жолындағы сынақ шығар", - дейді Ерке Есмахан.

Сондай-ақ, ол қорқақ жігіттерді ұнатпайтынын да ашып айтты.

"Бала ешқашан кедергі болмаған ғой. Менің өткенімнің бәрі ел алдында. Тағдырым халықтың алдында өтіп жатқандықтан, осының бәрін қабылдайтын азамат керек. Сол үшін де ұзақ іздеп жүрмін", - деп ағынан жарылды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмаханның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан жүктей аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1760649-erke-esmahan-ekinsi-ret-kjeuge-sygudan-mitti-ekenin-zasyrmady/

pixel