RU

Баян Алагөзова бұрынғы мұрнын қалпына келтірді (видео)

Танымал продюсер Баян Алагөзова мұрнына ота жасатқанын айтты. Анықталғандай, шоу-бизнес жұлдызы Кореяға арнайы пластикалық операция жасату үшін барған деп жазады NUR.KZ.

Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында отаның арқасында мұрнының бұрынғы қалпына келгенін жеткізіп, қуанышымен желідегі оқырмандарымен бөліскен.

Продюсер өзгерген мұрнының видеосын "Stories"-ке жүктеп қойған.

Айта кетейік, былтыр бұрынғы күйеуімен болған отбасылық кикілжің салдарынан Баян Алагөзованың бетіне зақым келген болатын. Продюсер бет-әлпетін қалпына келтіру үшін түрлі процедуралардан өтіп, енді мұрнына ота жасатқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1761405-baan-alagzova-bryngy-mrnyn-kalpyna-keltirdi-video/