Көптен көрінбей кеткен Рахат Тұрлыханов қазір қайда жүр? (фото)
Опубликовано:
Көптен бері көпшіліктің көзіне түспей жүрген Рахат Тұрлыханов кеше Астанада өткен Жеңіс Сейдоллаұлының авторлық шығармашылық кешінде бой көрсетті. Ол онда Айқын, Төреғали Төреәлілермен бірге попурри орындап, көптің ыстық ықыласына бөленді деп жазады NUR.KZ.
Сахна төрінде көп жылдан бері бой көрсетпеген Рахат Тұрлыханов тек кеш соңында ғана Төреғали Төреәлі және Айқын Төлепбергенмен бірге көпшілік алдына шықты.
Ол концертте Жеңіс Сейдоллаұлының әнін орындады.
Сонымен бірге, Тұрлыханов бұрындары хит әнге арналған "Азем" әнін шырқады. Көпшілік Рахат Тұрлыхановқа тамсана қарап, қол соғумен болды.
Кешті жүргізген Тұрсынбек Қабатов болса Тұрлыхановты көргенде таң қалғанын жасырмады.
"Айқын, Төрештерді көріп жүрмін, бірақ Рахатты көрмегелі көп болды. Жарайсың", - деді белгілі әзілкеш.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1761453-kpten-krinbej-ketken-rahat-trlyhanov-kazir-kajda-zr-foto/