Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Википедия Айқынды әйел деп көрсетіп қойған (фото)

Опубликовано:

Айқын Төлепберген өзімен болған қызықты жағдайға байланысты оқырмандарының көмегіне жүгінді. Анықталғандай, ғаламтор желісінде әншіні әйел адам деп жазып қойған деп жазады NUR.KZ.

Шоу-бизнес өкілі өзінің Instаgram парақшасына қызықты оқиғаға тап болғанын айтты. Айқын танымал "Wikipedia" сайты оны әйел адам деп жазып қойғанынан бөлек, суретіне белгісіз жүкті келіншекті жүктеп қойғанын мәлімдеді.

"Құрметті оқырмандарым, сіздерден көмек керек. Википедиядағы ақпаратты қалай түзетуге болады? Мені үнемі осы әйел адам деп көрсетіп тұрады. Қалай өзгертерімді білмеймін. Оған қоса, аяғы ауыр арудың суретін жүктеп қойғаны енді бір бөлек әңгіме", - деп желдегілердің көмегіне жүгінді ол.

Әншінің жазбасы көпшілікті күлкіге қарық қылған.

Естеріңізге сала кетейік, Айқын Төлепбергеннің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1764725-jgili-vikipedia-ajkyndy-jel-dep-krsetip-kojgan-foto/

pixel