Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі спортшының тойында ән салған Тамара Асарға уыстап ақша шашты (видео)

Опубликовано:

Дзюдодан жастар арасында Азия чемпионы Айбек Имашевтің шаңырақ көтеру тойында ән шырқаған Тамара Асарға қуаныш иелері ақша шашқан. Жерге шашылған көк қағаздарға тойға келген қонақтар таласып қалды деп жазады NUR.KZ.

Белгілі спортшының тойында түсірілген видео Instagram желісінде таралып кеткен.

Кадрда Тамара Асардың ортаға шыққан екі жастың жанына барып, ән айтып тұрғаны көрінеді.

Сол сәтте белгісіз бір адам көк қағаздарды уыстап шаша бастайды. Ал олардың қасында билеп жүрген той қонақтары ақшаға таласып қалған.

Айта кетейік, бұл видеоны көрген желі қолданушылары аспаннан ақша жауған үйлену тойына қызықса, енді біреулері көк қағазды аямай шашқан той иелері мен ақшаға таласқан қонақтарды сынға алды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ақ көйлек киген әжей мен гүл шоғын ұстаған атайдың тойы жайлы жазған болатынбыз.

Тамара Асардың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1764970-belgili-sportsyny-tojynda-n-salgan-tamara-asarga-uystap-aksa-sasty-video/

pixel