Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ринат Гайсиннің ісі ме?": Жағы сынған отандық әнші желідегі айыптауларға жауап берді

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын біреулердің жағын сындырып кеткенін айтқан Dinaya бұны Ринат Гайсиннің жасамағанын мәлім етті деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ринат Гайсин, Dinaya. Фото: Әншінің жеке парақшасы, "Шыны керек" бағдарламасынан кадр. Коллаж: NUR.KZ
Ринат Гайсин, Dinaya. Фото: Әншінің жеке парақшасы, "Шыны керек" бағдарламасынан кадр. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Жағы сынып, ерні жырылған Dinaya арада бір ай өткен соң ғана халық алдына шығып, өзінің адам шошырлық суретіне қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Алайда бұл суретті көрген желідегілер әншіге "Мұны Ринат Гайсин істеді ме?", "Ринаттың әйелі істеген болар", "Отаңыз сәтсіз шықты ма?", "Істеген ісіңіз үшін жазаңызды алып жатырсыз" деп теріс пікірлерді жаудырған.

Ал әнші желідегілердің теріс пікірлеріне жауап беріп, егер бұл Ринаттың ісі болса, онымен әлдеқашан қарым-қатынасын үзіп, жұмысын да тоқтатанын айтқан.

"Мен арымның алдында тазамын", Ешкімнің отбасын бұзбадым. Ол отбасы мен пайда болғанша, бұзылған. Мен Ринатпен бірге тұрмаймын. Одан бала тауып жатқан жоқпын. Бірақ Ринаттың мені сүйетінін білемін", - деді ашулы оқырмандарынан шаршаған Dinaya.

Сондай-ақ әнші өзіне сәтсіз ота жасалған деген пікірлермен де келіспейтінін айтты.

"Менің бетімді көргенде "сәтсіз ота жасатқан" деп те жазып жатыр. Бірақ олай емес. Отаның көмегіне жүгінетін ойым жоқ. Мен тіпті бояусыз да жүре беремін", - дейді әнші.

Қазір қайта қалпына келе бастаған Dinaya көпшіліктен бұл оқиғаны есіне түсірмеуін, өзіне аяушылықпен қарамауын сұрады.

Сонымен қатар оқыс оқиғаның Алматы қаласында орын алғанын, кінәлі адамның өзінен кешірім сұрағанын жасырмай айтып берді.

"Мені аямаңыздар. Бұл сұмдық менің ішімде қалсын. Онымен өзім ғана күресемін. Сол үшін қазір жұмысқа белсенді болғым келеді. Шығармашылық жоспарлармен шетелге көшуді де ойлап жүрмін. Жаңа жылдан бастап, өмірдің жаңа парақтарын бастаймын", - деп сөзін аяқтады Dinaya.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан он күн бұрын желіде Dinaya-ның ерні жырылған суреті тарап кетті. Әнші көпшілікке өзінің жағын сындырып кеткенін мәлім еткен болатын.

Сондай-ақ отандық әнші өзінің танымал продюсермен арасындағы қарым-қатынасын "Шыны керек" бағдарламасында айтып берді.

Материалды көшіріп-басу тек "Время" басылымының рұқсатымен ғана жүзе асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, Dinaya-ның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1765429-rinat-gajsinni-isi-me-zagy-syngan-otandyk-nsi-zelidegi-ajyptaularga-zauap-berdi/

pixel