Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Alem band" тобы атышулы Байзақоваға кез-келгеннің қолы жетпейтінін айтты (видео)

Опубликовано:

Айжан Байзақовамен екі рет клип түсірген "Alem band" тобы атышулы аруға қатысты пікір білдірді. "Ойбай Life" бағдарламасына қонаққа келген жас жігіттер бойжеткеннің өмірде өте керемет адам екенін мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Байзақова мен "Әлем бенд". Фото:Yvision.kz, Вконтакте. Коллаж: NUR.KZ
Байзақова мен "Әлем бенд". Фото:Yvision.kz, Вконтакте. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Бағдарлама жүргізушісі Мұхит Сапарбаев "Alem band" жігіттерінен "Байзақоваға үйленер ме едіңдер?" деп сұраған.

"Иә, алатын едім. Негізі Байзақованы жақтағаным емес, бірақ оның бойында көп қыздарда кездесе бермейтін қасиет бар. Ол қыз өзгелер сияқты маска кимейді.

Бірақ, дегенмен оның өмірінде болған оқиғалар алда кері әсерін тигізеді. Мен ол қызды апармайтын едім деп айтпай-ақ қояйын. Оның қолынан ұстадым. Санынан ұстадым. Оны әдейі ұстайм деп ұстамадым", - деп ағынан жарыла жауап берді Еркеш.

Сондай-ақ, топ жігіттері өмірде Байзақоваға кез-келген жігіттің қолы жетпейтінін жеткізді.

"Оның санын тек түсірілім барысында ұстадым. Ол өмірде олай біреуге санын ұстата салатын қыз емес. Негізі ол қызға кез-келген адамның қолы жетпейді", - деді "Alem band" тобының әншісі.

Айта кетейік, "Alem band" тобының сұхбатының толық нұсқасын "Ойбай Life" бағдарламасынан көре аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, "Alem band" тобының әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1765975-alem-band-toby-atysuly-bajzakovaga-kez-kelgenni-koly-zetpejtinin-ajtty-video/

pixel