Қызбен сүйісіп клипке түскен Нағимуша жұрттың қаһарына ұшырады (видео)

Опубликовано:

Клипке қызбен сүйісіп түскен отандық вайнер Нағимуша елдің ашуына тиді. Өз әрекетін өнерімен байланыстырған бойжеткеннің бұл әрекетін желідегілер аяусыз сынға алған деп жазады NUR.KZ.

Нағимуша. Фото: Вайнердің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
Нағимуша. Фото: Вайнердің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Нағима өзінің Instagram парақшасына қызбен сүйіскен видеосын жүктеп, оның астына өз әрекетін түсіндірген жазба қалдырған.

"Өзім түскен клиптің осы кадрын желіге салу-салмауды ұзақ ойландым. Өзіме айтылатын теріс пікірлерді, туған-туыстарымның көзқарасын ойладым. Бірақ өзімнің актер, әртіс екенімді түсініп, бұл видеоны салуға шешім қабылдадым. Өзімнің қоғамның талқысынан, көзқарасынан қорықпайтынымды түсіндім.

Мен өмір бойы бір бағыттағы түсірілімдерге қатысқым келмейді. Маған рөлдерде, сценарийде қорқынышты емес. Өз-өзімді қолға алып, жаңа қырымды ашып көруге тәуекел еттім", - деп жазды Нағимуша.

Ал бұл бейнебаянның үзіндісін көрген көпшілік актрисаны жерден алып, жерге салды.

"Масқара", "Сіздің неліктен ұзақ уақыт жігітіңіз болмады деп ойласам", "Өзіңіздің актерлік шеберлігіңізді дамытқаныңыз дұрыс. Бірақ сіз гомосексуализмді де насихаттап жатырсыз".

"Арсыз. Мына ісің тіпті ұят", "Айнала онсыз да арсыздыққа толғанда, артыңнан ерген қыздарға не тәрбие беріп жатырсың?", "Біреу жезөкшелікті насихаттайды. Енді сіз лесбилерді насихаттаңыз. Жарайсыз!", "Айтарға сөз қалмады" деп ашына пікір қалдырды көпшілік.

Айта кетейік, желі қолданушылары арасында Нағимушаға қолдау білдіргендер де бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1767136-kyzben-sjisip-klipke-tsken-nagimusa-zrtty-kaaryna-syrady-video/