Тағы бір классикалық ертегі қазақ тіліне аударылды

Опубликовано:

8 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында "Болашақ" корпоративтік қорының қолдауымен қазақ тіліне дубляждалған 27-ші фильм – "Щелкунчик и четыре королевства/Шақылдақ және төрт патшалық" көрермендерге жол тартады. Бұл жолы көрермендер Диснейдің көпшіліктің сүйікті мультфильміне айналған туындыны мүлдем жаңа қырынан көреді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фильм. Фото: kinofilms.ua
Фильм. Фото: kinofilms.ua: Instagram

Ертегінің таңғажайып кейіпкері жас Клара анасынан қалған қобдишаның кілтін тауып алуды армандайды.

Рождествода кіндік әкесінен ерекше сыйлық алған қыз жұмбақ жерлерге таңғажайып саяхатқа аттанады: Қар елі, Гүлдер елі және Тәтті-дәмділер елі. Бірақ қызға төртінші корольдікке бару керек, онда оған Тышқандар Королінің басшылығындағы тышқандардың тұтас армиясымен кездесуге тура келеді. Сөйтіп, ол кездейсоқ өз анасының таңқаларлық құпиясын ашуға шақ қалады.

Фильмде П.И. Чайковскийдің «Шақылдақ» классикалық балетінің музыкалық композициясы орындалады.

Айта кетейік, "Щелкунчик и четыре королевства/Щақылдақ және төрт патшалық" филімі дубляжінің жұмыстарына 40 кәсіби актерлер қатысты. Мәселен, бас кейіпкердің анасы Мари Штальбаумды Ақан Сатаевтың «Анаға жол» фильмінің бас рөлін сомдаған қазақстандық актриса Алтынай Нөгербек дыбыстады.

Қазақ тіліндегі дубляждың арқасында Шақылдақ туралы ертегінің сүйікті кейіпкерлері қазақстандық миллиондаған балалармен ана тілінде сөйлесіп, оларға жақындай түсетіні сөзсіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1767159-tagy-bir-klassikalyk-ertegi-kazak-tiline-audaryldy/