"Өкінемін": Анель Арынова эфирде әкесі жайлы айтқан сөздері үшін кешірім сұрады (видео)

Опубликовано:

"Кешьюдің" бұрынғы әнші Анель Арынова эфирде әкесі жайлы айтқан сөздеріне өкінетінін айтты. "Ойбай Life" бағдарламасына қонаққа келген әнші жастықтың буымен айтқан ауыр сөздерін еске алып, кешірім сұрады деп жазады NUR.KZ.

Анель Арынова. Фото: vkmusic.kz
Анель Арынова. Фото: vkmusic.kz: Instagram
"Мен өте жас кезімде эфирде айтқан сөзіме қатты өкінемін. "Егер менің әкем олигарх болғанда, тезірек танылатын едім" деген сөзді бекер айттым. Әкеңнің кім болып жұмыс істейтіні, қанша ақшасы бары маңызды емес. Сен көшеде отырып қайыр да сұрай аласың. Өз күшіңмен таныла да аласың. Барлығы адамның өзіне байланысты. Мен әкемді өте қатты жақсы көремін. Менің әкем керемет адам", - деді Анель Арынова.

Айта кетейік, осыған дейін әнші әкесінің ауыр жағдаймен ауруханаға түсіп қалғанын айтқан болатын. Дәрігерлер Анельге әкесіне қан табуды тапсырған. Алайда әнші әкесінің отасына 15 минутқа кешігіп қалағанын айтып, көзіне жас алды.

Сондай-ақ Анель Арынова күйеуімен не үшін ажырасып кеткенін де жасырмай айтып берген еді.

Естеріңізге сала кетейік, Анель Арынованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1767165-kinemin-anel-arynova-efirde-kesi-zajly-ajtkan-szderi-sin-kesirim-srady-video/