Динара Сәтжан шенеуніктерді Шымкент әкімі секілді "хайп жасауға" шақырды
Опубликовано:
Белгілі тележүргізуші Динара Сəтжан қазіргі таңда кеңінен қолданылып жүрген "хайп" ұғымы жайлы өз ойын білдірді. Айтуынша, Шымкент əкімі Ғабидолла Əбдірахымов та "хайп" жасап жүрген шенеуніктердің қатарынан екен. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Тележүргізушінің пікірінше, қазақстандық шенеуніктер "хайп" жасап, халыққа жақын екендерін көрсете алады.
Форумда "Шымкент əкімі хайп жасап жүр ме?" деген сауалға Дианара Сәтжан"иə" деп жауап берді.
"Иə. Шымкент əкімінің көпшілік алдында "хит" болған сөздерін "хайп" жасап жүр деуге əбден болады. Жəне ол өзінің емес, кеңесшісінің еңбегі деп айтар едім.
Сондықтан министрлерге де хайп жасауға болады деп ойлаймын. Негізі кез келген ақпаратты халыққа солай тезірек жеткізуге болады ғой?
Бірақ олардың көпшілігі бұлай жасауға қорқады. Кейбіреулері тіпті хайп жасау түгілі əлеуметтік желідегі парақшаларын ашық түрде қолдануға қорқады", - деді тележүргізуші.
Сондай-ақ, ол қазақстандық шенеуніктердің көпшілігі əлеуметтік желіде жеке парақшаларын ашқанын айтып қалды.
"Олардың facebook, Instagram-да түрлі аккаунттары бар. Олар бəрін қарап отырады, себебі мен шенеуніктердің көпшілігімен таныспын. Күнде кешкісін сараптайтындарынан да хабардармын.
Сондықтан хайпты шенеуніктер де қолданса болады. Шымкент əкімі осы əдісті керемет қолданып жүр. Ол хайп арқылы өзінің жастарға, халыққа жақын екенін көрсетір жүр", - деп сөзін аяқтады тележүргізуші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1767247-dinara-stzan-seneunikterdi-symkent-kimi-sekildi-hajp-zasauga-sakyrdy/