Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяғы ауыр Маржан Арапбаева зәулім үйін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Үшінші сәбиін күтіп жүрген Маржан Арапбаева "Ана мен бала" бағдарламасы барысында Астана қаласының қақ ортасынан алған хан сарайындай үйін көрсетті деп жазады NUR.KZ.

Маржан Арапбаева. Фото: "Ана мен бала" бағдарламасынан. Коллаж: NUR.KZ
Маржан Арапбаева. Фото: "Ана мен бала" бағдарламасынан. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Ана атануына санаулы уақыт қалғанын айтқан Арапбаева әлі күнге демалысқа шықпағанын айтты.

"Мен аяғымды аспанға көтеріп қойып жататын адам емеспін. Үнемі жыбырлап жүремін. "Болды шықпаймын" деп аламын да, үйге бір апта ғана сыямын. Біреулер хабарласып, "Ән айтып бересіз бе?" десе, көйлек тіктіріп аламын. Мен содан күш-қуат, энергия аламын", - деді Арапбаева.
Маржан Арапбаева. Фото: "Ана мен бала" бағдарламасынан. Коллаж: NUR.KZ
Маржан Арапбаева. Фото: "Ана мен бала" бағдарламасынан. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Сондай-ақ, әнші кезекті тойға шыққанда құлап қалғанын да жасырмады.

"Бір тойға барғанымда ішім кішкентай болатын әлі. Алдымнан бір бала жүгіріп шықты да, мен оның аяғына шалынып, жерге шалқамнан құладым. Мені қоршап тұрған қонақтар сасқалақтап маған қарап тұр. Бір кезде толықтау келген әйел мені бір қолмен көтеріп алды. Аяқ киімім 20 см болатындықтан, бір баспалдақтан құлағандай болдым", - деді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Маржан Арапбаеваның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1767340-aagy-auyr-marzan-arapbaeva-zulim-jin-krsetti-foto/

pixel