Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

55 жасқа толған Мақпал Жүнісоваға қызы ерекше сый жасады (видео)

Опубликовано:

Бүгін 55 жасқа толған Мақпал Жүнісованы қызы ерекше құттықтаған. Анасына 101 роза сыйлаған Мерей елдің сүйіспеншілігіне ие болды деп жазады NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова. Фото:juldizdar.kz
Мақпал Жүнісова. Фото:juldizdar.kz: Instagram

Анасына гүлмен қатар ән арнаған Мерейге көпшілік риза болған.

Ал Мақпал Жүнісова қызының гүл сыйлаған сәтін видеоға түсіріп, Instagram парақшасына салып қойған.

"Дауысым шықпай қалды. Осындай қызымның болғанына Аллаға шүкір", - деп жазды Мақпал Жүнісова.

Сондай-ақ желі қолданушылары да әншіні туған күнімен жарыса құттықтаған.

"Туған күніңіз құтты болсын", "Қызыңыздың қызығын көріңіз", "Сізге бар жақсылықты тілейміз".

"Мақпал апай, туған күніңізбен құттықтаймын. Бір тал гүліңіз аман болсын", "Осы қызыңыздан немере-шөбере көріңіз", "Жүз жасаңыз" деп желідегілер ақ тілегін жаудырған.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Мақпа Жүнісованың бағалы алқасы мен сырғасын ұрлап кеткен болатын. Әнші киіну бөлмесінде ұрланған әшекейін әнші қыздардың бірі алғанын болжады.

Естеріңізге сала кетейік, Мақпал Жүнісованың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1772616-55-zaska-tolgan-makpal-znisovaga-kyzy-erekse-syj-zasady-video/

pixel