Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оңбай құлады": Бибігүл Дәулетбекқызы рейтинг қуған әріптесін сынап тастады

Опубликовано:

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы өзінің парақшасында "рейтингтің құлы болған" әріптесін сөгіп тастады. Ол өзі сынға алған отандық тележүргізушіні бұған дейін қатты сыйлағанын жеткізді. Оқырмандар қауымы белгілі журналистің кімді меңзеп тұрғанын біліп қойған деп жазады NUR.KZ.

Дәулетбекқызы бұған дейін асқан сыйластық танытқан әріптесіне деген көзқарасы енді түбегейлі өзгергенін Instagram парақшасында жайып салды.

"Бүгін бір әріптес-жүргізуші көз алдымда оңбай құлады. Сыйлайтын едім. Рейтингтің құлы болған ТВ жастарды улап бітірдіңдер-ау" , - деген жазба қалдырған журналист.

Желі қолданушылары Бибігүл Дәулетбекқызының кім жайлы айтып тұрғанына қатысты пікір білдірген.

Оқырмандардың басым көпшілігі бұл пост отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепбергенге арналған деп болжады.

Айта кетейік, бұған дейін Бибігүл Дәулетбекқызы желіде омырауын ашып танылған Шырын Нарчаеваны елден қууды талап еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1773365-obaj-klady-bibigl-duletbekkyzy-rejting-kugan-riptesin-synap-tastady/

pixel