Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қой бағып жүрсің бе?": Қызымен әзілдескен Мақпал Жүнісова елді күлкіге қарық қылды (видео)

Опубликовано:

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова Instagram желісіне қызымен бірге түскен видеосын жариялады. Әнші таңертең жоғалып кеткен итін іздеген екен деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: el24.kz
Фото: el24.kz: Instagram

Бейнежазбадан Мақпал Жүнісова мен оның қызы далада серуендеп келе жатқанын байқауға болады.

Онда әнші Мерейдің ұйқыдан тұра алмайтынын айтып, өзінің ерте оянатынын жеткізген. Ал қызы бұл сөздерге "Мен шаршаймын" деп жауап беріпті.

Мерейдің жауабына сүйсінген Мақпал "Қой бағып жүрсің бе?" деп әзілдеп кеткен.

Әнші кеш қарая далада не үшін жүргенін видео астына жазып қалдырыпты.

"Жұмыстан шығып, екі сағат итті іздеп, жиналысқа да бармадым. Таңертең көлікке қақпаны ашқанда, иттер үрген. Ол сол жаққа қашты, мен жұмыстарыммен босай алмадым. Мерей сабақта еді, "біздің жазығымыз жоқ" деп Мерейдің ашуын бастық. Жолшыбай жақсы әңгіме айттық, ит түгілі,адамнан да айрылып жүрміз ғой, бұйырған ит болса өзі келер деп, үйге енді жеттік",- деп жазған Жүнісова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1776073-koj-bagyp-zrsi-be-kyzymen-zildesken-makpal-znisova-eldi-klkige-karyk-kyldy-video/

pixel