Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екінші Кәмшат": Қызыл көйлек киген Гүлназ Жоланова елге жақпай қалды

Опубликовано:

Отандық танымал актриса Гүлназ Жоланова желіге ашық суретін жүктеймін деп оқырмандарының сынына ұшырады. Көпшілік әдетте жабық киініп жүретін арудың да әріптестерінен қалыспай, шешіне бастағанына шүйліккен деп жазады NUR.KZ.

Гүлназ Жоланованың Instagram парақшасындағы соңғы жазбасы көптің наразылығын тудырған.

Онда отандық актрисаның қызыл түсті көйлекпен бар дене сымбатын паш етіп тұрғанын көруге болады.

Желі оқырмандары кино жұлдызының әрекетін ерсі санап, оның бұған дейін аса ашық образда болмағанын алға тартты.

"Екінші Кәмшат, айнымай барасың" , "Сенде төстартқышты тастағансың ба?" , "Енді сен қалып едің осылай түспеген. Мүлде жараспайды" , "Осы Жоланованың бір жері әдемі емес қой. Ерні сызық болып, көрсем ұялып кетемін" , " Қазақстандық Бузова" , "Бұл да Кәмшат құсап шешіне бастаған ба?" , "Менің екінші әйелім боласың ба?" , - деп жазған желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1776249-ekinsi-kmsat-kyzyl-kjlek-kigen-glnaz-zolanova-elge-zakpaj-kaldy/

pixel