Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Керменбаев неліктен "Қап-қарашка" есімімен шықпай кеткенін айтты (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Нұржан Керменбаев NURTV.KZ-тің "Клип Show" бағдарламасында "Қап-қарашка" лақап атын неліктен пайдаланбай кеткенін айтты деп жазады NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі Керменбаевтің есіне "Қапқарашка" атауын ұнатпайтынын айтқан сәтті түсірді.

"Негізі мені солай атағаны ұнайды. Өйткені, халыққа солай танылдым. Оның үстіне ол лақап атты жай адам қоймады. Кейде Нұржан деген есімімді білмегендер болды. Ал қазір шүкір, өзімнің азан шақырып қойған есіміммен атайды. Жасым да 30-ға келіп қалды.

Ең алғаш "Есіңде ме?" деген клипті түсіретін кезде менің алдымда екі таңдау тұрды. "Қап-қарашка" атауымен немесе Нұржан Керменбаев есімімен шығудың біріне тоқталу керек болды.

Сонда продюсерім маған "Қашанғы сол есіммен шошаңдап шыға бересің?" деді. Сосын мен үлкендердің ақылын тыңдадым", - дейді Нұржан Керменбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Нұржан Керменбаевтың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1776667-kermenbaev-nelikten-kap-karaska-esimimen-sykpaj-ketkenin-ajtty-video/

pixel