Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал әзілкештер "Шаншар" мен "Нысана" театрынан кетіп қалды

Опубликовано:

"Шаншар", "Мафия мен тақия", "Нысана" театрларынан шығып кеткен актерлер бірігіп, жаңа жоба ашпақ деп хабарлайды "Хит-Тв" арнасының "Хедлайнер" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Жаңа театр ашу туралы ой актерлерге 3 жыл бұрын келген көрінеді.

“Негізі бұл идея аз уақытта емес, бірнеше жылда ойластырылған тірлік. Өйткені бәріміз бір ауыздан театрдың атын да қойдық. Мен осы топтың құрылғанына еш өкінбеймін", - дейді театрдың негізін қалаушы Ғалымжан Қаппаров.

Қаппаров жаңа театрға “Нысана” театрының актері Жарас Ахметов пен “Мафия мен тақияда” өнер көрсеткен Бауыржан есімді актерді шақырған.

"Бұрынғы театрдан өнерге мастанғандықтан кетпедік. Жарас мысалы “Нысана” театрында жүрді. Оны шақырған себебім: бұл кісінің бойындағы ең керекті мінез ол жерде ашылмады. Ал “Мафия мен Тақия” театры Бауыржанның мінезіне сай емес”, – дейді жаңа жоба басшысы.

Актердің бұл сөзін Жарас Ахметов те қолдап отыр. "Нысананың" бұрынғы актері әріптестерімен сәлемі түзу екенін жеткізді.

“Ғалекең 10 жылдың төңірегінде “Шаншар” әзіл-сықақ театрында, Бауыржан “Мафия мен Тақияда”, мен 10 жыл “Нысанада” ойнадым. Енді ол мектеп қой. Енді Ғалекең ашып жатқан "Қызық" театрын біз университет деп қабылдайын деп жатырмыз”, - дейді актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1777133-tanymal-zilkester-sansar-men-nysana-teatrynan-ketip-kaldy/

pixel