"Ұятты таста": Кешью қыздарының жаңа әні жұртқа жақпай қалды
Опубликовано:
Күні кеше жаңадан құрылған "Кешью" тобының жарыққа шыққан "Ұят емес" әні жұрттың сынына ұшырады. Желі қолданушылары аталмыш топ деңгейінің нашарлап кеткенін жарыса айтты деп жазады NUR.KZ.

Нарғыз, Ләззат, Балауса есімді қыздардан құралған "Кешьюдің" су жаңа туындысын Youtube пен Instagram қолданушылары қызу талқыға салған.
"Мынау енді ұят", "Ұят емес деп әндеткендерің ұят болып тұр", "Масқара", "Кешьюдің деңгейі күннен-күнге нашарлап бара жатыр", "Кешьюдің ең нашар құрамы осылар шығар", "Қыздарда харизма жоқ. Адамды тартпайды", "Ұқсас әндер ғой барлығы".
"Жаңа топқа да, әніне де таңғала алмадық", "Мына ән Кристина Сидің "Хочу" деген әніне ұқсайды", "Ұятты таста" дегені несі?".
"Ашық-шашық киінген қыздардың ненің ұят, ненің ұят емес екенін айтатын шамасы жоқ", "Масқара", "Енді Кешьюдің бұрынғы құрамын қайтару мүмкін емес", - деп жарыса пікір білдірген желі қолданушылары.
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Баян Алагөзова жаңа "Кешью" құрамын таныстырған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1777254-atty-tasta-kesu-kyzdaryny-zaa-ni-zrtka-zakpaj-kaldy/