Әлемнің ең танымал миллионер моделі бір күнде қайыршыға айналған
Опубликовано:
Әлемнің ең танымал моделі болған Настасья Урбано (Nastasia Urbano) бір күнде қайыршыға айналды. Халықаралық мінберде жұртты талай тамсандырған 57 жастағы модель бүгінде Барселонаның бұрыш-бұрышында түнеуге мәжбүр деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сән әлемінде есімі белгілі әйелді өзі ессіз сүйген күйеуі тақырға отырғызып кеткен көрінеді.
Настасьяның жұбайы оның бар байлығын өз атына аударып алып, модельді бір күнде көшеге қуып шығыпты.

Бүгінде танымал модель Барселонаның көшелерінде, кейде туыстарының үйінде түнейді.

Бірден қайыршылық күйге түскен модель ауыр депрессияға ұшыраған. Ол қайыр сұраудан, көше кезуден шаршағанын айтты.

Бірақ Настасья әлі күнге күйеуін кінәламайды. Ол отбасылық өмірінде балаларының болғанына риза.
Шарасыз күйдегі әйел енді балаларының өзін қайыршы күйде емес, бұрынғы әдемі қалпында көргенін қалайды.

Ал актрисаның мұндай күйге түскенін естіген бұрынғы әріптестері таңданысын жасыра алмаған.

Олар енді ортақ ақша жинап, бұрынғы моделдік агенттіктермен сөйлеспек. Модельді қайтадан өзінің қалпына қайта келтіруге ескі дос-жарандары жағдай жасауда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1777257-lemni-e-tanymal-millioner-modeli-bir-knde-kajyrsyga-ajnalgan/