RU

Келіннің бетін заманауи әнмен ашқан асаба қызу талқыға түсті (видео)

Әлеуметтік желіде заманауи стильде бет ашқан асабаның видеосы тарап кетті. Ол келінді жұртқа қазіргі хит әндердің бірімен таныстырған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Twitter

Асаба жаңа түскен келіннің бетін "Шудың бойында" әнінің ырғағымен ашқан. Осылайша, беті желекпен жабылған қалыңдық күйеу жігіттің достарына сәлем берген.

Бұл бейнежазбаны көрген желі қолданушылары асабаны аяусыз сынап тастаған.

"Не беташар мынау?", "Дұрыс емес", "Қазақтың салт-дәстүрін мазақ қылып бітті бұлар" деп жазған олар.

Видеоның қайда және қай өңірде түсірілгені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1777290-kelinni-betin-zamanaui-nmen-askan-asaba-kyzu-talkyga-tsti-video/