Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш америкалық шоудың алғашқы кезеңінде бірінші орынға шықты (видео)

Опубликовано:

Әнші Димаш Құдайберген АҚШ-та өтіп жатқан "The World's Best" шоуының алғашқы кезеңінде ең көп дауысқа ие болып, бірінші орынға шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы америкалық шоудың Twitter желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Әнші Instagram парақшасында құттықтап жатқан тыңдармандарына алғысын білдіріп, келесі кезеңде де қолдау көрсетуін сұраған.

"Бүгінгі эпизодты ең жоғарғы ұпаймен тәмамдадық. Менің әр азды-көпті жеңістерім елім үшін, тыңдармандарым Dears үшін. Барша мені қолдап отырған Dears сіздерге мың алғыс. Келесі айналымда CBS арнасында жүздескенше", - деді Димаш Құдайберген.

Еске сала кетсек, 7 ақпан күні The World's Best шоуында өнер көрсеткен Димаштың видеосы жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1777510-dimas-amerikalyk-soudy-algasky-kezeinde-birinsi-orynga-sykty-video/

pixel